Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі өмірден өтті

7427
Adyrna.kz Telegram

Қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Люция Төлешова өмірден өтті. Қаралы хабар Қазақ радиосы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Люция Қажығалиқызы 1970 жылы композитор Мансұр Сағатовтың шақыруымен телерадиокомитеттің өнер ұжымына әнші ретінде қабылданып, Қазақ радиосының "Алтын қорын" толықтыруға үлкен үлес қосты. Люция Төлешованың орындауында Қазақ радиосының "Алтын қорында" 300-ден астам әні бар.

«Адырна» ұжымы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер