Елдегі эпидемиологиялық жағдай қашан реттеледі?

3918
Adyrna.kz Telegram

Цой Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бері «қызыл» аймақта тұр. Түркістан облысынан басқа өңірлердің бәрі «қызыл» аймақта. 3 тамыздағы жағдай бойынша, республикадағы инфекциялық төсек-орынның 56 пайызында, реанимациялық төсек-орынның 44 пайызында науқастар жатыр.

Әсіресе, жұқпалы ауруханалардағы ең көп науқас Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, жансақтау бөліміндегі науқастар Ақмола, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында көп тіркелген», - дейді министр.

«Өңірлердегі ахуалға егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, жағдайды тұрақтандыру үшін нақты ұсыныстар берілді. Стационарларға жүктемені бағалау матрицасына сәйкес, «қою қызыл» аймақта – қауіп жоғары аймақта төрт өңір бар, олар - Алматы, Шымкент қалалары, Атырау және Қарағанды облыстары. Ондағы төсек-орынның апталық қамтылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден асады және одан да жоғары», - деді А. Цой.

Пікірлер