Рекорд: Қазақстанда бір тәулікте 100-ден аса адам коронавирустан қайтыс болды

2720
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны 126-ға жетті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

1 тамыздағы мәлімет бойынша, коронавирус анықталған науқастар өлімі дерегі - 110 жағдай. Тағы 16 адам (ПТР нәтижесі теріс шыққан) пневмониядан қайтыс болған. Осылайша тәулікте қайтыс болғандардың жалпы саны 126-ға жетіп отыр.

3 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 102 839 адам емделіп жатыр, олардың 29 138-і ауруханаларда, ал амбулаторлық деңгейде 73 701 науқас бар.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

1 707 адамның жағдайы ауыр,
395 пациенттің жағдайы өте ауыр,
197 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Еске салайық, өлім бойынша бұған дейінгі антирекорд 27 шілдеде тіркелген еді: коронавирус пен пневмониядан 110 адам қайтыс болған.

Пікірлер