"Токио-2020" олимпиадасының құйма медальдары қоқыстан дайындалыпты

10281
Adyrna.kz Telegram
Мына Жапондар Әлемді тағы да бір таң қалдырды.
Токио-2020 олимпиадасында қолданылған алтын, күміс және қола медалдардың барлығы ҚОҚЫСТАН ЖАСАЛҒАН екен.
Жапондар, бүкіл елге медал жасау үшін қолданылған ескі телефондарын мемлекетке қайрымдылыққа өткізуін өтініпті. Нәтижесінде Жапондардың 90%-ы өздерінің ескі телефондары мен басқада електронды бұйымдарын мемлекетке қайрымдылыққа өткізіпті.
(Телефон SIM картасы мен кейбір құрылғылары алтыннан жасалады)
Сөйтіп 4850 тонна қалдық телефондар мен басқа да құрылғылар жиналыпты. Содан 32 кг алтын, 3500 кг күміс және 2400 кг мыс жиналыпты. Содан олимпиадаға қолданған барлық 5000 медал құйылыпты.
Ол ол ма. Олимпиадаға киген спортшылардың киімдері де түгел қалдық бөтелкеден жасалған екен.
Ал енді біздің үкмет бізге осындай өтініш айтса???
Медаль жасайтын металы жоқ, олимпиада өткізген несін алған ... деп шығады ғой халық иә????
Жексен ТОҚТАРБАЙДЫҢ
фейсбук парақшасынан 
Пікірлер