Франция боксшысы Мурад Әлиев Олимпиада ойындарының ширек финалында шу шығарып, рингтен кетпей қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Спортшы тыйым салынған бас соққысы үшін техникалық жеңіліс алды.
Жекпе-жек аяқталғаннан кейін ол өз наразылығын білдіріп, телекамераны жұдырығымен бір ұрды.
Айта кетейік, Әлиев аса ауыр салмақ дәрежесінде британиялық Фрейзер Кларкпен жұдырықтасқан болатын.
«Адырна» ұлттық порталы