Шығыс Түркістандағы концлагерлер. Ақ түстілері жеңілдеулері, ал қызғылт және қызыл түстілері аса жоғары деңгейдегілері көрінеді.
Қазіргі нақты мәлімет бойынша, осында 347 концлагер жұмыс жасап тұр, оларда жалпы саны 1 014 883 адам тергеліп, қорлық көріп, жазаланып, сексуалды шабуылға ұшырап, түсік жасатылып, піштіріліп, миы жуылып, керек болса ағызалары сатылып жатыр делінеді.
Олардың арасында қанша қазақ бары белгісіз, бірақ аз емес екені анық. Мынау картаның солтүстік жағында концлагерлер көп тұр, сол өңірде қазақтар тұрады.
Қытай бұл лагерлерді 2010 жылдардан бастап салып, әзірлей бастаған екен. Жоғары қауіпсіздіктегі құрылыстарға рұқсатсыз ұшқан құс, өрмелеген жәндік те кіре алмайды.
Хайдар ӘЛПИДІҢ
фейсбук парақшасынан