Жапония құрамасы Токиодағы Олимпиада ойындарында алтын медаль саны бойынша рекорд орнатты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Vesti.kz-ке" сілтеме жасап.
Бүгінде 2020 жылғы ойындарда жеті медаль алған жапониялық спортшылардың қоржынында 17 жоғары дәрежелі марапат бар.
Бұған дейінгі рекорд - 16 алтын медальмен жапон спортшылары 1964 жылы Токиодағы Олимпиадада және Афинадағы 2004 жылғы Олимпиадада орнатқан.
Айта кету керек, соңғы тәулікте Токио олимпиадасында барлығы 40 медальмен Қытай бірінші орынға шықты. Ал Қазақстан — 59-орында. Әзірге қазақстандық спортшыларда 3 қола медаль бар.
"Адырна" ұлттық порталы.