Жапония құрамасы рекорд орнатты

4160
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/t-2020.jpg
Жапония құрамасы Токиодағы Олимпиада ойындарында алтын медаль саны бойынша рекорд орнатты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Vesti.kz-ке" сілтеме жасап. Бүгінде 2020 жылғы ойындарда жеті медаль алған жапониялық спортшылардың қоржынында 17 жоғары дәрежелі марапат бар. Бұған дейінгі рекорд - 16 алтын медальмен жапон спортшылары 1964 жылы Токиодағы Олимпиадада және Афинадағы 2004 жылғы Олимпиадада орнатқан. Айта кету керек, соңғы тәулікте Токио олимпиадасында барлығы 40 медальмен Қытай бірінші орынға шықты. Ал Қазақстан — 59-орында. Әзірге қазақстандық спортшыларда 3 қола медаль бар.  

"Адырна" ұлттық порталы.

댓글
기타 기사