Жаңа оқу жылы: Оқушылар қандай форматта білім алады?

2902
Adyrna.kz Telegram

Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев бірінші тоқсанда оқушылардың қандай форматта білім алатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, ол шешім Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын.

Қалыпты оқу форматына ауысу үшін педагогтерге вакцина алу талабы қойылмайды, мұғалімдер ерікті түрде екпе алып жатыр. Ең бастысы, ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек. Сол үшін ұстаздардың 100 пайыз вакцина алғаны жөн болар еді", – деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер