Коронавирустың шығу тегі туралы тергеу: Қытай қарсылық білдіріп жатыр

3298
Adyrna.kz Telegram

Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен коронавирус тергеуінің екінші кезеңінде ынтымақтастықтан бас тартты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Үкімет вирустың Қытайдан шықты деген нұсқасымен келіспейді. Пекин ресми түрде ДДCҰ басшысы Тедрос Адханом Гебресиес Батыстың саяси ықпалына АҚШ-тың ұсынысы бойынша түсті деп санайды. Әзірге ұйым вирустың пайда болу себептерін анықтап жатыр. Ал әлемдік қауымдастық коронавируспен күресті жалғастырды.

Қытай билігі COVID-19-дың шығу тегі туралы жаңа тергеуге қарсылық білдірді. Бұл туралы Ұлттық денсаулық сақтау комитеті басшысының орынбасары Цзэн Исин айтты. ДДСҰ-ның «қытай зертханасында вирустың шығуы мүмкін» деген нұсқасына комитет «саяси позиция және ғылымға деген менмендік» деп баға берген болатын.

«Кейбір жағдайларда ДДCҰ коронавирустың шығу тегі туралы тергеудің келесі кезеңіне арналған жоспары ақылға сыймайды және ғылымға қайшы. Біз мұндай жоспарды қабылдай алмаймыз», - дейді Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комитеті басшысының орынбасары Цзэн Инсин.

Айта кетейік, мамырда АҚШ президенті Джо Байден арнайы қызметкерлер тағайындап, оларға COVID-19 вирусының пайда болу себептерін анықтауды тапсырған еді. Бастаманы ДДCҰ басшысы да қолдады. Өз кезегінде Қытай тарапы америкалық барлау офицерлерінің бұл мәселеге қатысуын «күлкілі» деп тапты.

«Ухань зертханасындағы вирустың пайда болуына қатысты біздің бірлескен сарапшыларымыз егжей-тегжейлі зерттеу мен бірлескен тергеу жүргізіп, бұл мүмкін емес деген қорытынды шығарды», – дейді ДДСҰ Қытай сарапшылар тобының жетекшісі Лян Ваньнянь.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер