Әлемде «дельта» штаммынан да қауіпті штамм пайда болуы мүмкін

7807
Adyrna.kz Telegram

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) директоры Тедрос Аданом Гебрейесус  әлемде коронавирустың «дельта» штаммынан да қауіпті штамм пайда болуы мүмкін екендігін ескертті. Бұл туралы ол бүгін Токиода өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 138-сессиясында сөйлеген сөзінде айтты деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Вирустың таралуы неғұрлым кең болса, соғұрлым көп нұсқасы пайда болады, егер шынымен басқа штамм пайда болса, онда ол «дельта» нұсқасынан гөрі қауіпті болады. Нұсқалар қаншалықты көп болса, олардың біреуінің вакциналардан жалтару мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Осышлайша біз пандемияның баяғы «басына» ораламыз», - деді ол.

ДДҰ директоры өзіне «пандемия қашан аяқталады?» деген сұрақ жиі қойылатынын айта келіп: «Шынында да, ковид пен пандемия бізді көп сұрақтың астына алды. Пандемия - бұл қиын мәселе, ал әлем онымен күресіп жатқан жоқ. Мен осы мінбеде сөйлеп тұрған кезімде әлемде COVID-19-дан 100 адам қайтыс болып жатыр, ал 8 тамызда, Олимпиада алауы сөнгенге дейін, бүкіл әлемде коронавирустың кесірінен 100 000-нан астам адам көз жұмады», - деді.

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер