Сотталушыларға арналған жатақхана қирап, үш адам көз жұмды

4511
Adyrna.kz Telegram

Ақтау қаласында сотталушыларға арналған жатақхана қирап, 11 адам зардап шеккен, оның үшеуі көз жұмды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккендердің төртеуі медициналық тексеруден кейін мекемеге қайтарылған, олардың жағдайы жақсы.

Қазіргі таңда, көз жұмған сотталушылардың жақын туыстарымен байланыс орнатылып, қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендердің біреуі ауыр хәлде, үшеуі түрлі жарақат алған.

Аталған оқиғадан кейін Маңғыстау облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық Кодексінің 278-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастаған.

Сондай-ақ қазір арнайы комиссия мекеме аумағындағы барлық ғимараттарға техникалық тексерулер жүргізуде. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер