Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 78 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды “Адырна”ұлттық порталы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.
2021 жылдың 20 шілдесіндегі жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.
"18 шілдеде коронавирус белгілері бар пневмонияның 25 жағдайы және 13 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 58 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада.