Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп, қаза тапты. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкері қаза тапқан дерегін растады, деп хабарлайды "Адырна".
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Хабарламада 15 наурыз күні қарауылдың үшінші постында күзетші қарудан кездейсоқ оқ атып, бастығына тигізгені айтылған.
Жараланған адам ауыр жағдайда әскери госпитальге жеткізілгенімен, оны құтқару мүмкін болмаған.
«Жамбыл облысында әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкерінің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін анықталады», – деп хабарлады әскери-тергеу департаменті.
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп, қаза тапты
16.03.2026
Ұқсас жаңалықтар
Пікірлер
