Президент тапсырмасы: Барлық меморгандар «Е-өтініш» жүйесіне қосылды

2349
Adyrna.kz Telegram

Мемекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініш берушілермен арадағы жұмыс сапасын арттыру туралы тапсырмасын орындауға бағытталған тағы бір жоба толық іске асты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Президенттің бапасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басындағы Үкіметтің кеңейтілген отрысында азаматтардың өтініштерін есепке алу ісін жетілдіруді тапсырған болатын.

«Өтініш берушілермен арадағы жұмыс сапасын арттыру үшін жаңа «Е-өтініш» ақпараттық жүйесін және «Нәтиже» орталықтарын ашуға тапсырма берілді. Аталған жүйе 1 шілдеге дейін барлық мемкелекеттік органдарда іске қосылуы тиіс», - деген болатын Президент.

Берік Уәлидің айтуынша, 1 шілдеден бері «Е-өтініш» ақпаратты жүйесі және халыққа қызмет көрсету орталықтары жанында «Нәтиже» жобасы жұмыс істеп тұр.

«Е-өтініш» жүйесі өтініштерді қарауға байланысты артық бюрократияландыруды болдырмайды және азаматтарға өз өтініштерінің мемлекеттік органдарда қаралу барысын қадағалауға мүмкіндік береді», - деп жазады Президенттің баспасөз хатшысы.

Келтірілген дерек бойынша, бүгінде бұл ақпараттық жүйеге 38 мыңнан астам ұйым «мемлекеттік органдар мен мелекеттік ұйымдар) қосылған және 160 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. «Барлық «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының базасында өтініштерді қабылдайтын және азаматтарға өтінішті рәсімдеу кезінде консультациялық көмек беретін 259 «Нәтиже» орталығы құрылды», - деп жазылған мәліметте.

Пікірлер