Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы Бөгетсай ауылында 13 жастағы жасөспірім суға батып кетті деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.
Баланың суға кеткені туралы хабарлама оның ата-анасынан келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жеткен.
Анықталғандай, алтыншы сынып оқушысы суға шомылып жүріп батып кеткен, денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан. Бала су қоймасында ата-анасымен бірге болған.
Айта кету керек, биыл жыл басынан бері Ақтөбе облысының су қоймаларында кәмелетке толмаған 4 бала суға батып кеткен.
"Адырна" ұлттық порталы.