Соңғы бес жылда Қазақстанда әскери өкілдердің жұмысының арқасында 12 миллиард теңгенің негізсіз шығындары анықталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Деловой Казахстан» газетіне сілтеме жасап.
Әскери өкілдіктер орталығының бастығы Виталий Каплуновтың айтуынша, 12 миллиард теңге бюджетке қайтарылып, басқа салаларға қайта бөлінген. Сондай-ақ ол барлық 25 кәсіпорында әскери миссиялар жұмыс жасайтынын, олар негізсіз шығындарды анықтап қана қоймай, әскери өнімнің сапасын бақылайтынын атап өтті.
«Адырна» ұлттық порталы