Ішіп алған судья Қырғызстан президентінің ызасын тудырды

2899
Adyrna.kz Telegram

Сот және құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі кеңестің бірінші отырысында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров жұмыс орнында мас күйінде жүрген судьяның видеосын көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24.kg-ге сілтеме жасап.

Ол мас судьяның кеңсені ашуға тырысып жатқанын көрсететін видеоны қосуды өтінді.

«Танып тұрсыз ба?» - деп сұрады Садыр Жапаров Жоғарғы соттың төрағасы Нұргүл Бакировадан.

- Шу облыстық сотының бастығына ұқсайды, - деп жауап берді ол.

Садыр Жапаров дәл бүгін Шу облыстық сотының төрағасы Дамирбек Оңолбековке шара қолдануды тапсырды.

«Ол жұмысқа күн сайын мас күйінде келеді екен. Заңдарды алтын әріптермен жазсақ та, осындай судьялар ауыспаса, біздің реформа нәтиже бермейді», - деді Қырғызстан Президенті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер