Тікұшақ апатқа ұшырап, көп адам зардап шекті

2382
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанда әуе қорғанысы күштерінің МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "24.kg" басылымына сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Алай аймағында болған. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің тікұшағы Тәжікстанмен шекаралас аймаққа бағыт алғаны көрсетілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта апаттан төрт адам зардап шеккен.

"Бортта 15 адам болған. Қазіргі уақытта тек төрт адам зардап шеккен, оларға көмек көрсетіліп жатыр", - деді ақпарат көздері.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеген.

Пікірлер