133 мың долларға мұнара: Алматы ауасын тазарту үшін 8 метрлік құрылғы орнату ұсынылды

4309
Adyrna.kz Telegram

Нархоз университетінің доценті Жанар Молдағазиева қаланың ауа бассейнін тазарту үшін Алматы мегаполисінде 8 метрлік Smog Free Towers мұнарасын орнатуды ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Профессор Молдағазиеваның айтуынша, қазіргі кезде  ауаның ластануы ең өзекті мәселелердің біріне айналған. Қазірдің өзінде Қытайда бұл құрылғы белсенді түрде сынақтан өтіп жатыр.

Smog Free Tower - бұл сағатына 30 000 текше метр суды сүзетін 8 метрлік қалалық мұнара. Ол өз құрылымы арқылы сорып, 1700 ватт электр энергиясын тұтынады. Бұл шамамен 133 мың доллар тұрады.

"Менің ойымша, жалпы алғанда, Алматы үшін ең ластанған және желдетілмейтін жерлерде, мысалы, Мұратбаев-Шевченко қиылысында, жылу электр станциясы аймағында кем дегенде 5-6 мұнара орнатқан дұрыс болар еді. Бірақ алдымен біз тек біреуін қойып, оның қалай жұмыс істейтінін, оның қандай нәтиже беретінін көруіміз керек. Бізге осылай жасау тиімдірек. Әйтпесе бізде, қымбат құрал-жабдықтар сатып алып, содан кейін  қосалқы бөлшектер жетіспейді деп, мұражай экспонаты ретінде жұмыссыз қалдыруды ұнатады",  деп атап өтті Жанар Молдағазиева.

Сонымен қатар, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Narxoz профессоры қала әкімшілігі мен тұрғындарын павловния ағаштарын өсіруге белсенді қатысуға шақырады.

Оның айтуынша, бұл ағаштар ауыр металдарды және басқа қауіпті элементтерді атмосферадан сіңіріп, жылына 5 метр өседі.

Бұған қоса, павловния нарықта сұранысқа ие өте сапалы ағаш. Павловния салқын және өте ыстық климатта да өсе алады. Тұқымның жалғыз кемшілігі - алғашқы екі-үш жылда мол суаруды қажет етеді.

"Бірнеше жыл бұрын Қызылордада павловния отырғызылды, бірақ оларға дұрыс күтім жасалмай, солып қалды. Өйткені, жас ағаштар кем дегенде алғашқы екі жылда көп суды қажет етеді. Бірақ Қызылорда бұл сәтті ескерген жоқ. Нәтижесінде ақша зая кетті. Бірақ, жалпы бұл жақсы бизнес, ол қазіргі экономикалық құлдырау кезінде ерекше маңызды", - деп түсіндірді Молдағазиева.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер