Әкімдіктің қарсылығына қарамастан "Ақ жол" Алаш шеруін жасады

4274
Adyrna.kz Telegram
"Ақ жол партиясы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қарсылығына қарамастан, бүгін 31 мамыр күні сағат 8:30-да Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған Алаш шеруіне шықты. Бұған дейін Ақжолдықтар әкімдікке екі мәрте хат жазып, шеруге рұқсат бермегенін айтқан еді. 
Елордадағы Сейфуллин-Әуезов көшелері қиылысынан басталған “Ақ жол” партиясының Алаш шеруі үш көше жүріп өтіп, Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш мемориалға келіп, тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Зұлмат пен зобалаң құрбандарының әруақтарына дұға бағышталып, құран оқылды.
Ақжолдықтар былтыр бір көше жүріп барып, Саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық құрбандарына тағзым еткен еді. Енді биыл үш көше жүріп өтті.“Ақ жолдың” Тағзым ету шеруі жыл сайын дәстүрге айналғанындай, АЛЖИР қасірет мемориалында жалғасады.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер