ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

4405
Adyrna.kz Telegram

«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қаулыға сәйкес, КВИ-ға қарсы вакцинация туралы қағаз нұсқадағы анықтама 2021 жылдың 1 маусымынан бастап беріледі. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып, вирусқа қарсы вакцинация жүргізу ұйымдастырылатын болады.

Ал шет елде екпе салдырған отандастарымыз туралы мәліметтер растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап «Вакцинация» модуліне енгізіледі.

"Шетелде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған Қазақстан азаматтарының коронавирусқа қарсы вакцинациялануы туралы мәліметтер Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі ХТТ "Вакцинация" модуліне растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін болады", - делінген қаулыда.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер