ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирустың үндістандық штамы табылды ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Қазір Үндістанмен тікелей рейстерге тыйым салынған. Сонымен қатар ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен болса да, Үндістаннан келгендердің бәрі оқшауланып, 14 күн бойы бақылауда болуы керек деген қаулы бар.
Сонымен қатар бүкіл штамм - үндістандық, ұлыбританиялық немесе басқалары - ПТР-сынамасының анықтамасына осал. Қазіргі уақытта елге ПТР-анықтамасынсыз келуге тыйым салынған», - деді министр.
Сондай-ақ Алексей Цой Қазақстанда үндістандық штамның анықталмағанын, алайда елімізде вирустарды өлшеу және жүйелеу жүргізіліп жатқандығын айтты.
«Қазіргі уақытта Қазақстанда үндістандық штамм анықталған жоқ. Бірақ ай сайын осындай өлшеулерді жүргіземіз», - деді ол.
"Адырна" ұлттық порталы