Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады?

2877
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/alty.jpeg
Маусымда қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Осы айда мемлекеттік мерекелер болмағандықтан, бес күн жұмыс істейтіндер маусымда 8 күн демалады. 5, 12, 19, 26 маусым және 6, 13, 20, 27 маусым демалысқа түсіп тұр. Десе де осы айда елімізде бірнеше мереке бар. Олар: 1 маусым – Балаларды қорғау күні; 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні; 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні; 6 маусым – қаржы полициясы күні; 20 маусым – медицина қызметкерлері күні; 26 маусым – есірткіні теріс пайдалану мен олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күні; 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер