Соғыстан кейінгі адам қазасы Ресейде рекорд орнатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ресейде халықтың табиғи азаюы күрт үдеп кетті.
Елдегі өлім саны 2021 жылдың қаңтарында 33,9%-ға өскен. Бір айда Ресей Федерациясында 217,8 мың адам қайтыс болды. Бұл бір жылмен салыстырғанда 55,7 мың адамға көп.
Халықтың жойылуының ай сайынғы коэффициенті 2,6 миллион адамның жылдық өлім-жітім көрсеткішіне сәйкес келеді. Бұл Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейінгі кезеңді қамтитын барлық жыл бойынша рекорд.
"Адырна"ұлттық порталы