Солтүстік Калифорниялық ерлі-зайыптылар ата-ана болу үшін 195 кг салмақ тастаған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Олар жеті жыл бойы сәби сүйе алмаған. Барлық әрекеттері нәтижесіз болғандықтан, дәрігерлер алдымен денсаулықтарын реттеуге кеңес берген.
Нәтижесінде 37 жастағы Дастин Холл 144 кг, ал оның 34 жастағы әйелі Ракель 52 кг-ға арықтаған.
"Мен белсенді әке бола алмас едім. Шынымды айтайын, бұрын тіпті аяқ киімімді байлай алмадым", - дейді Дастин Холл.
«Адырна» ұлттық порталы