Атырауда “Таза су айдыны” акциясы басталды

1601
Adyrna.kz Telegram

“Жайық-Каспий” облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы ұйымдастырған тазалық жұмыстарына табиғатты қорғауға жауапты бірқатар мекеменің өкілдері, “Амангелді”, “СевКаспийФиш”, “Восток”, “Тілекші”, “Інжу-маржан” ЖШС жұмысшылары, Атырау қаласының Дамбы ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері қатысуда.

Акцияға қатысушылар Амангелді, Құрманғазы, Қызыл балық, Жамбыл елді мекендері бойынша Жайық өзені жағалауын әртүрлі тұрмыстық қалдықтан және жағалаудағы балық аулау құралдарын тазалау жұмыстарын жүргізді.

Акцияға барлығы 100-ден аса адам, 15 дана автокөлік және су көліктері жұмылдырылды. Жиналған тұрмыстық қалдық пен ау құралдарының жалпы салмағы 7 тоннаны құрап, “Арнаулы автобаза” ЖШС-не тапсырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция 31 мамырға дейін жалғасады.

Пікірлер