Қазақстан әскери дрондар шығаруды бастады

6367
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық авиациялық индустрия ЖШС (KAI ЖШС) базасында әскери мақсаттағы ұшқышсыз әуе жүйелерін құрастыру бойынша кәсіпорынның және осы ұшақтарға қызмет көрсету орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Символикалық қызыл лентаны Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Александр Аширов кесіп, республика қарулы күштерінің қорғаныс қабілетін арттыра алатын жаңа өндірісті іске қосты.

SKYLARK 1-LEX пилотсыз ұшақ моделі - бұл 3 сағаттық ұшу кезінде тәуліктің кез-келген уақытында нақты уақыт режимінде жоғары сапалы бейне деректерін ұсыну үшін 40 км биіктіктен көрінетін диапазондағы армия мобильді бөлімдері талап ететін өте тиімді құрал.

Мұндай құрал өзінің тиімділігін көрсетіп, әлемнің 25 елінде қолданылады. Сонымен қатар, дронның ұшу сағаттарының саны 100 мыңнан асады.

Еске салайық, SKYALRK-1LEX-ті израильдік Elbit Systems Ltd компаниясы жасаған және 2014 жылдан бастап Қазақстан армиясында тиімді қолданылып келеді.

Ашылу салтанатына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының, Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері, сондай-ақ әртүрлі әскер түрлерінің әскери қызметшілері қатысты.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото ашық дереккөзден)

Пікірлер