Covid-19: Өткен тәулікте 30-дан астам адам қайтыс болды

2115
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты инфекция мен пневмониядан қайтыс болғандарға қатысты мәліметті жариялады.

Ведомство мәліметі бойынша, өткен тәулікте коронавирустан 30 адам, коронавирустың белгілері бар пневмониядан үш адам қайтыс болған.

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясынан 3 668 адам, коронавирустың белгілері бар пневмониядан 764 адам көз жұмды.

30 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясы мен пневмониядан 42 730 адам ем қабылдап жатыр. Оның 15 207-і ауруханада, ал 27 523 науқас үйде емделуде.

COVID-19 пен пневмония жұқтырғандардың ішінде:

763 науқас ауыр жағдайда;
196 науқас аса ауыр жағдайда;
112 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пікірлер