Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы қызметінен кетті. Елбасы ҚХА-ға басшылық етуді Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Баршаға белгілі болғандай, 2019 жылы 19 наурызда сағат 19-да мен Қазақстан халқына президенттің өкілеттігін тоқтататынымды жарияладым. Мен бұны жеткілікті деп санап басшылықты ауыстыру керектігін ұқтым. Сондықтан биліктің сабақтастығы туралы бұл мәселе 2019 жылы шешілген еді. Қазіргі өмір бұл қадамның дұрыстығын растады", деді Назарбаев.
Бүгін бұл таңдаудың дұрыс екендігі расталды.
"Мен әрі қарай жүргім келеді, бұл мен үшін маңызды қадам. Мен Ассамблеяның бастауында тұрдым. Ассамблеяның барлық мүшелеріне қолдау көрсеткендері үшін рақмет. Бұл маңызды іс болды. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, менің өмір бойы ҚХА-ны басқаруға құқығым бар. Мен әрдайым онымен бірге боламын және бас тартпаймын. Бұл ретте бірқатар өкілеттіктер ел Президентіне жүктелген. Яғни, барлық сұрақтар тек бір қолда болуы керек. Мен ҚХА-ны басқару құқығымды Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым", деді ол.
"Адырна" ұлттық порталы
(фото elbasy.kz)