Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Qazaq Republic" жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке "Qazaq Republic" брендінің дамуы, жаңа әзірлемелер мен жобалардың іске асырылуы жайында баяндалды.
"Сәкен Жолдас Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық кәсіпкерлердің пандемия жағдайындағы жұмысы, бизнестің түйткілді мәселелерінің шешімі және мемлекеттік құрылымдар тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтты", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ кездесу барысында қазақстандық заманауи бірегейлікті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Президент еліміздегі креативті индустрияны дамытуға мемлекет ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.