Тоқаев "Qazaq Republic" жобасының авторымен кездесті

2487
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/c6747b7b-db97-4433-be29-476470fff9f0.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Qazaq Republic" жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады, деп хабарлады Ақорда. Президентке "Qazaq Republic" брендінің дамуы, жаңа әзірлемелер мен жобалардың іске асырылуы жайында баяндалды.
"Сәкен Жолдас Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық кәсіпкерлердің пандемия жағдайындағы жұмысы, бизнестің түйткілді мәселелерінің шешімі және мемлекеттік құрылымдар тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтты", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ кездесу барысында қазақстандық заманауи бірегейлікті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Президент еліміздегі креативті индустрияны дамытуға мемлекет ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
Comments