«Бәрі сахна артында»: Украина СІМ жасырын түрде қару-жарақ жеткізетін елдер жайлы айтты

5627
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/000-11.jpg
Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба Le Parisien Француз басылымына берген сұхбатында Украинаға жасырын түрде қару-жарақ жеткізетін елдер жайлы айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.  Оның айтуынша, Киев бірқатар елдерден әскери көмекті тікелей емес, делдалдар арқылы алады. Бұл делдалдар қару-жарақты үшінші елдерден сатып алып, кейін Украинаға жібереді.
«Осы үшінші елдердің көбі жұрттың алдында "ештеңе жеткізбейміз" деп ашық айтады, бірақ бәрі сахнаның артында болып жатыр», - деді дипломат.

"Адырна" ұлттық порталы

 
Пікірлер