Халық қалаулысы көмек сұраған жалғызбасты анаға қол ұшын созды

2676
Adyrna.kz Telegram

«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалына Сарыөзек ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана Мөлдір Орынтаева өзінің жұмыссыз екенін, жұмысқа орналасуға және баласын балабақшаға орналастыруға көмек беруін сұрай келген.

Аудандық мәслихат депутаты Әсем Ақылбекова жалғызбасты анаға өтінішін тыңдап, баласын балабақшаға орналастыру мәселесі бойынша көмек көрсетті. 2019 жылы туған баласы балабақша кезегіне қойылды. Сондай-ақ жұмыс мәселесі бойынша жартылай фабрикаттар даярлау цехына жұмысқа орнастырылды.
Сарыөзек ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана Мөлдір Орынтаева қажетті көмек көрсеткен аудандық мәслихат депутаты Әсем Ақылбековаға алғысын білдірді.

Пікірлер