Жалған ақпарат жарға жықпасын

2763
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік астананың іргесіндегі «Mall Aport» сауда, ойын-сауық орталығының аумағына қойылған жарылғыш зат туралы ақпарат жалған болып шықты.

Еске салсақ, 23 сәуір күні сағат 10-да Қарасай ауданында орналасқан «Mall Aport» аумағына қойылған жарылғыш зат туралы анонимді ақпар келіп түскен еді.

- Осы уақыт аралығында оқиға орнында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен полицейлер, саперлер мен шұғыл қызмет мамандары жұмыс істеді. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Ақпарат жалған болып шықты. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Көрінеу жалған ақпарат» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, жалған ақпарат таратушыларды анықтау және ұстауға қатысты жедел шаралар жүргізілуде, - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті өкілдері. Нысан штаттық режимде жұмыс істеуде.

Пікірлер