АҚШ Қытайдағы ІТ компанияларын кері қайтарып аламыз деп ескерту жасады

5146
Adyrna.kz Telegram
АҚШ-тың тағына Байден келгелі Қытай мен АҚШ-тың арасы суып кетті. Байден Қытаймен арадағы экономикалық секторлардағы алыс-берісті мүмкіндігінше төмендетуде.
Қазір АҚШ тарапынан Қытайға электроника мен жасанды интеллект саласындағы тауарлардың бірнеше түрін экспорттауға шектеулер қойылды. Тапсырыс беруші халықаралық компаниялар санкцияның үкіміне қарсы келе алмауда. Қытайдың электроника мен жасанды интеллект технологиясы саласында тағы да дағдарыс басталды. Көптеген жұмыс орындарында қысқартулар орын алып жатыр.
Бұл процесс бастапқыда баяу болғанымен, соңғы кезде нәтижесін беруде. Қытайға АҚШ-тан келетін технология саласынан инвестициялардың көлемі қысқарған. Қытайға мұның орнын толтыруға біраз жыл уақыт керек болады деп жорамалдап отыр эксперттер. Байден Ресейден қарағанда Қытайдан қатты алаңдайды. Соңғы кезде АҚШ-та өндірілетін медициналық препараттардың көбісі Қытайда да өндіріліп жатыр.
"Егер де АҚШ-тың мүддесі мен құндылықтарына Қытай көз жұма қарап, ескермейтін болса, онда біз Қытайдағы зауыттарды, қондырғыларды да өзімізге қайтарамыз",- деп кесіп салды АҚШ-тың президенті. АҚШ өзінің мүддесін осылай да қорғай алады деді Байден. Бұл Америкаға қандай да бір төтенше жағдайлар орын алғанда өз көмегін беретін болады деп атап өтті.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер