Қытайда тағы да жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сейсмикалық стансалар желісі 3 ақпанда Астана уақытымен жерасты дүмпулерін 14:36-да тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы – Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде, Қытай аумағында – афтершок. Магнитудасы MPV - 5,3", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісі Қазақстан аумағында сезілген жоқ.
“Адырна” ұлттық порталы