Сынсыз театр дамымайды!

2560
Adyrna.kz Telegram

Театрлық үдерісте, ондағы өнер ұжымының даму траекториясын жоспарлауда сынның орны аса маңызды екені белгілі. Сын дегеніміз – интерпретация. Драматург пьеса жазады, режиссер пьесаны қояды, актер орындайды, сыншы бағалайды дейтін болсақ, әрбір жаңа қойылымның көркемдік сапасын сыншылар анықтап, нақты бағасын беріп отыру керек.

Театрларға төмендегідей мақсаттар аса қажет деген ойдамын.

Театр өнерінің барлық көркемдік құралын жетік білетін, кез келген спектакльдің жеке (психологиялық), тарихи (қоғамдық-әлеуметтік) және мәңгілік (философиялық) қабаттарын танитын сыншыларды тарту;
Осы арқылы театрға, оның оң бағытта дамуына, сапалы репертуарына, замануи болуына жағдай жасау;
Спектакльдер туралы сыни мақалалардың жазылуын қамтамасыз ету;
Театрдың өнімдерін көрермендерге ұсыну механизмдерін дамыту.

Қазақ театрлары биік белестерді бағындырып, қоғамды өсіре берсін!

Қуаныш Жұмабекұлы
PhD докторы, "Алатау" дәстүрлі өнер театры

Пікірлер