Қаралы сәуір

2526
Adyrna.kz Telegram

Дәуір өтіп барады,
Алашымды алдаған.

Сәуір кетіп барады,
Ақындарды жалмаған.

Ай, сәуір ай, сәуір ай,
Жердің тоңын жібіткен –
Ай ішінде тәуір ай.
Тәуірлігің қайыссы –
Жеріме көзін алартып,
Қара жүзін қабартып,
Саясат кәрін боратып,
Іргеме келді кәуір-ай.
Айтып айтпай не керек,
Жақсыларды жалмаған
Болып тұрсың ауыр ай.

Қара сөздің ақыны,
Қабдеш ағам нар еді.
Құс біткеннің жақыны
Ес ағам шырқау жар еді.
Жайырының бақ үні
Жәркен шәйір жампозым,
Ақындықтың ары еді.
Алашымның ішінде,
Сөзден сарай салдырған,
Салдырып таң қалдырған,
Өзегін оттай қарғызып,
Жұртының ішін жандырған,
Осыларым бар еді,
Жазба хәлдің жарысы –
Қалам аламанынан,
Озып шыққан дара еді.
Осындай дүрлер сыймаған,.
Дүние неткен тар еді,
Қалай енді айтайын,
Қайғымды қайтіп жайқайын?
Төгіліп кетті қайтейн,
Діліме келген зар еді...

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ

Пікірлер