Елімізде мамырдан бастап медициналық маскаларға енгізілген шекті баға күшін жояды.
Денсаулық сақтау министрі, сауда және интеграция министрі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы бірлескен бұйрыққа қол қойды. Олар, «Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» қаулыны бекітті.
Айта кету керек, 2020 жылғы 15 қазандағы, 2020 жылғы 14 шілдедегі және 2020 жылғы 6 сәуірдегі бірлескен бұйрықтардың күші жойылды. Олар бір реттік үш қабатты медициналық маскалар үшін шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеуді көздеген: тиісінше 60 теңге, 85 теңге және 60 теңге.
Бірлескен бұйрық 2021 жылғы 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Адырна" ұлттық порталы