Микротолқынды пешті қолдану ережелері көрсетілген нұсқаулықтың орыс тілінде жазылмағанына наразылық білдірген азаматтың бейне жазбасы әлеуметтік желіде көп талқыланып жатыр. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеода пешті сатып алған азамат қазақша және ағылшынша жазылған нұсқаулықтан тауарды қалай қолданатынын білмейтінін айтып, орыс тілі қайда деп ашуға булыққан.
Сонымен қатар қазақ тілін үйренгісі де келмейтінін анық айтқан.
Видео авторы өзін Батыс Қазақстан облысының тұрғынымын деп таныстырған.
Қазір бұл дерек бойынша полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.