Ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті.
«Екі-үш күн ауырды. Коронавирус емес, бірақ аздап әлсіздік болды. Кеше түнде қайтыс болды», – деді ақынның жары.
Ақын Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда Қытай Халық республикасының Тарбағатай аймағы Толы ауданында Жайыр тауында өмірге келген. Азан шақырып қойған аты – Жармұхаммед.
Оның «Нұрлы бояулар», «Көкше құрақ», «Аспан даусы», «Қос қанат», «Емендер түнде бүрлейді», «Зейін», «Жұлдызға орнын ай бермес» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген.
"Адырна" ұлттық порталы