Қазақтың тағы бір ақыны қайтыс болды

3980
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/izobrazhenie_2021-04-22_151855.png
Ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті. «Екі-үш күн ауырды. Коронавирус емес, бірақ аздап әлсіздік болды. Кеше түнде қайтыс болды», – деді ақынның жары. Ақын Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда Қытай Халық республикасының Тарбағатай аймағы Толы ауданында Жайыр тауында өмірге келген. Азан шақырып қойған аты – Жармұхаммед. Оның «Нұрлы бояулар», «Көкше құрақ», «Аспан даусы», «Қос қанат», «Емендер түнде бүрлейді», «Зейін», «Жұлдызға орнын ай бермес» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген.

"Адырна" ұлттық порталы

评论