Әлеуметтік желілерде Ральф есімді қоянның бейнеролигі қызу талқыға түсуде. Көрген жанның жүрегін елжіреткен бейнеде жануарларға тест жасаудың дұрыс еместігі баяндалған, деп хабарлайды "Адырна" тілішісі.
Видеоны жасаушылар адамдарға арналған косметикалық заттардың әуелі қояндарға сынама жасалатынын, соның кесірінен олардың зардап шегетінін жеткізген. Ал статистика бойынша жылына 150 миллионнан астам жануар сынама кезінде өледі.
"Біз адамдар қолданатын нәрселерді сынап көру үшін жаралғанбыз. Менің анам да, әкем де, балаларым да сынақ кезінде қайтыс болған" дейді қоян бейнероликте.
Қазіргі таңда видеоның түпнұсқасы 5 жарым миллионнан астам қаралым жинаған.
Халық арасында #жануарларғатестжасаутоқтатылсын, #SaveRalph деген хэштегтер белең алды.
"Адырна" ұлттық порталы