Каспий теңізінде түйелердің жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Каспий теңізінің жағасында (Түпқараған өңірінде «Көсе» деп аталатын жер, халық арасында - «Досханның ат қорасы») 20 түйенің өлігі табылды.
"Мамандар жануарлар ерте көктемде суға батып кетті деп санайды. Қатты дауылдың салдарынан жануарлардың денелері жағаға лақтырылды, - деп атап өтті Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта облыс әкімдігі мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті түйелердің мүрделерін жою жұмыстарын жүргізуде.
"Адырна" ұлттық порталы