Қазақстандықтар өз отандастарына деген қамқорлықтарын тоқтатпайды. Бұл жолы олар бір-біріне COVID-19 вакцинасынан бас тартқаны үшін белгілі бір айыппұлдар салынатыны туралы ескертеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Telegram желісінде, қараша, желтоқсан айларына таман күштеп вакцинациялау болатындығы, бас тартқандарға айыппұл салынатындығы жазылған хабарлама тарады.
Бұның бәрі жалған, - деп көрсетілген Stopfake.kz сайтында.
Денсаулық сақтау министрлігі мұндай ақпаратты жоққа шығарды.
"Бізде міндетті екпе жасалмайды және ондай болмайды. Біз бұған дейін бірнеше рет айтқан болатынбыз. Мұндай хабарламалар жалған ақпарат болып табылады", деп хабарлады департамент.
Вакцинациядан бас тартқаны немесе оларды вакцина алуға мәжбүрлегені үшін айыппұл салу Қазақстан заңнамасына қайшы келеді.
«Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 77-бабына сәйкес, әрбір Қазақстан азаматы «саналы келісім беруге немесе емделуден және басқа медициналық араласулардан, оның ішінде профилактикалық егулерден бас тартуға» құқылы.
"Адырна" ұлттық порталы