Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолдың зиянын анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Парацетамолды мөлшерінен көп ішсе, оның жанама қасиеті бар екенін мәлімдеді. Ондайда адамның жүрегі айнып, құсқысы келеді. Зерттеу жүргізген мамандардың айтуы бойынша, бұл симптомдар дәрі ішкеннен соң, 3 сағат аралығында шығады. Тіпті, бауыр зақымдануы мүмкін.
"Бұдан бөлек, адам парацетамолды көп ішсе, ұйқысы келеді, сары ауруға шалдығады. Сосын іштің жоғары жағында ауырсыну пайда болады", - дейді мамандар.
"Адырна" ұлттық порталы