Коронавирус: 176 адамның жағдайы өте ауыр

9418
Adyrna.kz Telegram
6414778 10.12.2020 Медсестра у пациента в реанимационном блоке во временном госпитале для больных COVID-19, организованном в выставочном комплексе "Ленэкспо". Алексей Даничев / РИА Новости
6414778 10.12.2020 Медсестра у пациента в реанимационном блоке во временном госпитале для больных COVID-19, организованном в выставочном комплексе "Ленэкспо". Алексей Даничев / РИА Новости

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде 22 адам коронавирустан, бір адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

19 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 620 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 14 147 пациент стационарда, 24 473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 674 адамның жағдайы ауыр, 176 адам өте ауыр жағдайда жатыр. 99 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

COVID-19: Алматы мен Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 1100-ден астам науқас тіркелді

Сонымен қатар бір тәулікте 2 719 адамнан коронавирус анықталды, 35 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 289 720 адам коронавирус жұқтырды, 3 406 адам қайтыс болды.

2020 жылдың бірінші тамызынан бері 51 879 адам пневмонияға шалдықты, 751 адам қайтыс болды.

 

 

Пікірлер