Кино және театр актрисасы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы Музыкалық жас көрермендер театрының директоры Асхат Маемиров Facebook-парақшасында хабарлады.
«ҒАЗИЗА АПА…. Апа-оу, егілттіңіз ғой, жылаттыңыз ғой дүйім елді…. Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышына айналған Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті. Аты жаман тажал ауру ешкімді аямады. Жарты ғасыр бойы қазақ театрының төрінде шынайылығымен, табиғи талантымен көрерменін тамсандырған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінәбиева – жаны мен жүрегі мейірімге толы, адалдықты ту еткен болмысы бөлек жан еді…. Сахна кеңістігінде Мөржандай асыл аналардың, Ару қыздардың бейнесін сомдаған аса талантты актриса, аяулы жан дүниеден өтті. Көкіректі кернейтін өкініш… Ғазиза Апа, асыл апам-ай…» деп жазды Маемиров.