Алик Шпекбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды",- делінген ресми сайтта.
Алик Шпекбаевтың орнына Марат Ахметжанов келді.
"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын", делінген Қаулыда.
"Адырна" ұлттық порталы